АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп Ресей және Украина өкілдерін Ақ үйде жинайды. Ақ үйдің хабарлауынша, ол Олешки және оған іргелес Херсон өңіріндегі атысты тоқтатуға бастамашы болған.
QS Asia University Rankings 2027 рейтингіне Қазақстанның 51 жоғары оқу орны енді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 46-орын, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 62-орын және Satbayev University 89-орын алды.
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы соңғы 12 айда 2,60 трлн теңгеге немесе 10%-ға ұлғайып, 28,30 трлн теңге болды. Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары 2,4 есе өсті.
Қазақстан мен Үндістан ұстап беру туралы шартқа қол қойды. Құжат екі елдің құқық қорғау органдары іздеген адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе сот үкімін орындау үшін беруге мүмкіндік береді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ішкі және сыртқы саясатының басым бағыттарын атады. Сондай-ақ ең төменгі жалақыны 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеру мәселесін айтты.
Қазақстанда сегіз ірі инвестициялық жоба аясында 494 атаудағы дәрі өндіру жоспарланып отыр. Өндіріс кезең-кезеңімен іске қосылып, алғашқы 300 атауды 2027–2030 жылдары шығару көзделген.
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту мәселелерін талқылады. «Каспий көпірі» жобасы жылына 8 млн тонна жүк тасымалдауды көздейді, кейін көлемді 10–12 млн тоннаға жеткізу жоспарланған.
Қытай Қорғаныс министрлігінің өкілі Чжан Сяоган Халық-азаттық армиясы Тайвань тәуелсіздігін көздейтін кез келген әрекетті және сыртқы әскери араласуды тойтаруға дайын екенін мәлімдеді.
Алматыға Испаниядан Қазақстанның Әуе қорғанысы күштеріне арналған екінші ауыр Airbus A400M әскери-көлік ұшағы келді. Бұл ұшақтар төтенше жағдайларды жоюға, эвакуацияға және гуманитарлық көмек жеткізуге де қолданыла алады.
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапары аясында Qarmet ұжымымен және кәсіподақ мүшелерімен кездесті. Кездесу соңында кәсіпорын қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырды.
Түркістан облысы мен АҚШ-тың Аризона штаты арасындағы серіктестік байланыстарды нығайту жоспарланып отыр. Тараптар білім беру, ауыл шаруашылығы және туризм салаларында жобаларды іске асыруды көздейді.
Қазақстандық iGps Tech компаниясы малды спутник арқылы бақылау жүйесін халықаралық нарықтарға шығаруды көздейді. 2026 жылы компания спутниктік трекер мен биосенсорларды біріктіретін жаңартылған шешімін таныстырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртауда трамваймен жүріп, жаңартылған инфрақұрылымның жұмысқа дайындығын бағалады. Қозғалыс 2024 жылы қайта жанданып, содан бері миллионнан астам жолаушы тасымалданған.