Авиациялық әкімшілік жолаушыларды бейтаныс сәлемдемелерді тасымалдамауға шақырды
Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі жолаушыларға белгісіз мазмұны бар сәлемдемелерді немесе багажды сыйақы үшін тасымалдамауды ескертті. Күмәнді ұсыныс болса, әуежай полициясына немесе авиациялық қауіпсіздік қызметіне хабарлау керек.