Шавкат Мирзиёев 5–6 қарашада жұмыс сапарымен Астанаға келеді. Ол жасанды интеллект қауіпсіздігіне арналған Орталық Азия көшбасшыларының кездесуіне қатысады.
Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ және Core Element AI, Inc. геологиялық барлауда жасанды интеллектіні қолдану бойынша меморандумға қол қойды. Бірлесіп екі пилоттық жоба өткізу жоспарланған.
Жаслан Мадиев Ицхак Герцогпен кездесіп, Қазақстан-Израиль үкіметаралық комиссиясының 10-отырысына қатысты. Отырыс қорытындысында қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға қол қойылды.
Энергетика министрлігінде Energy AI Kazakhstan тұжырымдамасы таныстырылды. Жоба аясында отын тапшылығы тәуекелдерін ерте анықтау, есептілікті автоматтандыру және өнеркәсіптік қауіпсіздікті бақылау құралдары қарастырылған.
Новосибирск облысында NtechLab әзірлеген бейнеаналитика үш жыл ішінде 8 мыңнан астам қылмыскерді анықтауға және ұстауға көмектесті. 2026 жылдың алғашқы он айында жүйе шамамен 4 мың адамның ұсталуына ықпал еткен.
Астанада таныстырылған отандық жүйе бір аптада есірткіге қатысты 421 материалды анықтады. 2026 жылдың басынан бері елордада есірткінің заңсыз айналымына байланысты 884 құқық бұзушылық тіркелген.
АҚШ пен Финляндия 29 қазанда Вашингтонда технологиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ол бірқатар саланы қамтиды, бірақ тараптарға заңды міндеттеме жүктемейді.
Испания үкіметі Мадрид автономиялық қауымдастығының мемлекеттік медицинасына цифрлық қызметтер енгізуге 12,8 млн еуро бөледі. Келісім төрт жылға жасалған.
Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулдығы Республика күні аясында дөңгелек үстел өткізді. Қатысушылар Қазақстанның халықаралық рөлін және Қытаймен ынтымақтастықты талқылады.
29 қазанда Қазақстанда ТМД-ға қатысушы мемлекеттер ғалымдарының VI форумы ашылды. Оған сегіз елдің ғылым академияларының жетекшілері және ғалымдары қатысып жатыр.
Ғылым және жоғары білім министрлігі NVIDIA компаниясымен жасанды интеллект және жоғары өнімді есептеулер саласында кадр даярлау жөніндегі жұмысты дамытуда. Болашақта бағдарламаға 100-ден астам университетті тарту жоспарланған.
Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі NVIDIA-мен жасанды интеллект саласындағы мамандарды даярлау бойынша ынтымақтасады. Елде өңірлік NVIDIA Physical AI Hub құру ұсынылды.
Аргентина әуе күштері «Бухо» атты ұшқышсыз аппаратты таныстырды. Ол елде жасалған электрлі қозғалтқышы бар алғашқы I класты әскери ұшқышсыз әуе көлігі ретінде ресми сертификатталған.
Ұлыбритания биологиялық қауіптерді ертерек анықтау және оларға ден қою үшін AI Biosecurity Lab зертханасын құрады. Жоба мемлекеттік қаржыландыру және OpenAI мен Anthropic компанияларының қолдауымен іске асады.
Ұлыбритания ЖИ қауіпсіздігін күшейтуге, компанияларды қолдауға және инфрақұрылымды дамытуға инвестиция бағыттайды. Жоспарға биологиялық қатерлерді бақылау зертханасы және өңірлердегі жобалар кіреді.
Қазақстан әлемдік Physical AI орталығына айналуды стратегиялық мақсат етіп қойды. Бұл мәселені вице-премьер, жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев пен NVIDIA негізін қалаушы Дженсен Хуанг талқылады.
Қазақстан NVIDIA-ның физикалық жасанды интеллект бойынша өңірлік орталығын құруды ұсынды. Ұсыныс Астанадағы alem.ai орталығында компания басшысы Дженсен Хуангпен өткен кездесуде айтылды.
NVIDIA негізін қалаушы және бас директоры Дженсен Хуанг 23 қазанда Астанадағы alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына алғаш рет барды. Сапар барысында Қазақстанның Physical AI хабын құру стратегиясы таныстырылды.