Семейдің сол жағалауында салынып жатқан жекпе-жек сарайы бір мезетте 1 000 адамды қабылдай алады. Нысанды келесі жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.
Қазақстан мен Өзбекстан киік популяциясын сақтау және қалпына келтіру туралы меморандумға қол қойды. Құжатта бірлескен мониторинг, ғылыми деректер алмасу және браконьерлікке қарсы күрес қарастырылған.
Сауда нысандары сауда алаңының немесе сөре кеңістігінің кемінде 30 пайызын отандық тауарларға бөлуге міндетті. Талап азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерге қолданылады.
Шығыс Қазақстан облысында 2026–2035 жылдарға арналған туристік экономиканы дамыту мастер-жоспары әзірленді. Құжатта алты аумақты дамыту, маусымаралық кезеңде туристер тарту және қызмет сапасын арттыру қарастырылған.
Қытайда қазақстандық су саласының мамандарына арналған екі оқыту бағдарламасы басталды. Олар гидротехникалық нысандарды басқару, су ресурстарын цифрлық технологиялар арқылы басқару және суды тазарту тәсілдерін үйренеді.
Алматыда венгр халықтық киіз басу шебері Карой Мартон-Сёньеги шеберлік сабағын өткізді. Қатысушылар венгр қолөнерінің ерекшеліктерімен және табиғи жүнді өңдеу әдістерімен танысты.
Алматының Әуезов ауданында Жұбанов көшесінің Өтеген батыр көшесінен Сайын көшесіне дейінгі бөлігі абаттандырылды. Жаңартылған аумақ 5 200-ге жуық тұрғынды қамтиды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға бөлінген қаражатты жымқыру ісі бойынша тергеуді аяқтады. Тергеу дерегінше, жалпы шығын 945 млн теңге болған.
Қостанайда 14 қарашада «Дала дәмі» республикалық жобасы аясында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Онда отандық өндірушілердің өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуға болады.
Астанада Қазақстан мен Германияның саяси консультациялары өтті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейту және 2026–2028 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру мәселелерін талқылады.
Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаевтың төрағалығымен Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жобасын іске асыру жөнінде кеңес өтті. Қатысушылар жобалау, газ құбыры және шикі газды қабылдау шарттарын талқылады.
Оралда той кортежіндегі екі көліктің люгінен шығып, артта келе жатқан машиналарды түсірген жастар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көліктердің тіркелмегені анықталып, арнайы тұраққа қойылды.
Қазақстан мен Тәжікстан жоғары деңгейдегі келіссөздерден соң ынтымақтастық туралы 20 құжатқа қол қойды. Екі елдің кәсіпкерлері бизнес-форумда жалпы сомасы 2,5 млрд доллар болатын 25 құжат жасасты.
Қазақстан қалпына келтіру шаралары қамтыған жер көлемі бойынша әлемде үшінші орында. 2025–2026 жылдары жер деградациясының электронды карталары 114 млн гектарды қамтыды.
Жамбыл облысында мал басы жыл басынан бергі тоғыз айда 3,8 миллионнан 4,1 миллионға дейін өсті. Қыстауға қажетті жемшөптің жалпы жоспары 101,4% орындалғанымен, кейбір аудандарда пішендеме мен құнарлы жем дайындау кешеуілдеп жатыр.
Абай облысындағы цифрландыру күніне арналған форумда полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерге көмектесетін технологияларды таныстырды. Олардың қатарында жылуды анықтайтын робот-ит пен із-түзсіз жоғалғандарды іздеуге пайдаланылатын дрондар бар.
Астаналық полицияның ардагері Бақыт Әлімқұлов қызмет еткен жылдары үш рет босануға көмектескен. Соңғы оқиға 2015 жылы болған: кейін анасы оған жаңа туған ұлына Ағабек деген есім таңдауды ұсынған.
Шығыс Қазақстан облысында биыл 485,2 мың тонна майлы дақыл жиналды, оның 456,78 мың тоннасы — күнбағыс. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың түсімі 428,7 мың тоннаны құрады.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға 5–7 қарашада өткен ресми сапары аяқталды. Келіссөздер мен бизнес-форум қорытындысында жалпы саны 45 құжатқа қол қойылды.
Жарнама
Tribuna.kz — қосымша ретіндеЭкранда белгіше, тезірек ашылады.
iPhone және iPad (Safari)
«Бөлісу» батырмасын басыңыз — жоғары бағытталған көрсеткісі бар шаршы (экранның төменгі жағында).
Төмен жылжытып, «Басты экранға» тармағын таңдаңыз.
«Қосу» батырмасын басыңыз — экранда Tribuna.kz белгішесі пайда болады.