Астанада ересектерге арналған қабылдау-диагностикалық кешен мен балалар ауруханасының қосымша ғимаратының құрылысы аяқталуға жақын. Жобалар шұғыл көмек көрсету мүмкіндігін кеңейтеді.
«Есік жазуы» және Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының басылымдар жинағы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасы Азия-Тынық мұхиты өңірлік тізіліміне алғаш рет енгізілді. Отырыста 21 номинациялық өтінім мақұлданды.
Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігі Coursera Learning Excellence Award халықаралық сыйлығын алды. Марапат елдің онлайн оқытуды жоғары білімге енгізу және цифрлық дағдыларды дамыту жетістіктері үшін берілді.
Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтар химия және мұнай-химия өндірістерін дамытып, импортты алмастыруға және экспортты ұлғайтуға бағытталған жобаларды іске асыруда. Жамбыл облысындағы сутегі пероксиді зауытын 2027 жылдың бірінші тоқсанында іске қосу жоспарланған.
Алматыда AG Tag жеке құрылғысы сыналып жатыр: ол спутниктік навигация арқылы адамның орнын анықтап, радиоканалмен құтқарушыларға жібереді. Жүйені туристермен пилоттық сынақтан өткізу 2026 жылдың соңына дейін жоспарланған.
Астанада Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай өткен «Бірге оқиық» шарасына ел бойынша 180 мыңнан астам адам қатысты. Оның 25 мыңнан астамы акцияға елордада тікелей қосылды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дінтану және мәдениеттану кафедрасы ICESCO өкілдігі мәртебесін алады. Университеттің әл-Фараби орталығының филиалы Қытайдағы Чжэнчжоу университетінде ашылады.
Алматы облысындағы жоба аясында ауылдық жерлердің 500-ден астам тұрғыны тегін медициналық көмек алды. Астанада 200 студент-медик қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға көмектесті.
Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару саласындағы 67 жобаның жалпы құны шамамен 350 млрд теңге. Қаржыландырылған жобалар аясында 15 нысан пайдалануға берілді.
Алматыдағы №37 қалалық емхана тәжірибесі Қазақстан бойынша енгізіліп жатқан алғашқы медициналық-санитариялық көмек стандартына негіз болды. Емхана 2025 жылы салынған, ол бір ауысымда 500 келушіге арналған.
Жыл басынан бері Астанада миллионнан астам ағаш, бұта және гүл отырғызылды. Қалада 4 миллионнан астам жасыл желек бар, ал «Жасыл белдеуде» тағы 14 миллионға жуық өсімдік өсіп тұр.
Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасында магнит жұтқан 7 және 4 жастағы екі ағайындыға ота жасалды. Дәрігерлер балалардың жағдайы жақсарған соң оларды тоғыз күннен кейін үйіне шығарды.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Алматыда ұлттық музыкалық мұраны сақтау және насихаттауға арналған концерт ұсынды. Бағдарламада күйлер мен қазақ халық әндері орындалды.
Қазақстанда мал азығын дайындау науқаны аяқталып, барлық түрінен 43 млн тоннадан астам қор жиналды. Азықтық астықтың 200 мың тонна көлеміндегі қоры да жасақталды.
Қазақстанның Конституциялық соты қамауда ұстау уақытының жаза мерзіміне есептелуі бұл кезеңнің құқықтық режимін жазаны өтеумен теңестірмейтінін түсіндірді. Сонымен бірге сот қамауда болған кезеңдегі мінез-құлық туралы мәліметтерді шартты түрде мерзімінен бұрын босату мәселесін қарағанда ескеруге болатынын атап өтті.
Алматы облысында жалпы құны 19,3 млрд теңге болатын екі агрожоба іске асырылып жатыр. Жылыжай кешенін 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланған, ал астық логистикасы кешенінде негізгі құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.
Талдықорғанда Литва Республикасының Құрметті консулдығы ашылды. Оның жұмысының негізгі бағыттарының бірі — Жетісу облысы мен Литва арасындағы іскерлік және мәдени байланыстарды кеңейту.
Алматыда Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының XVIII халықаралық конгресі басталды. Жиын елдегі алғашқы ЭКҰ арқылы бала дүниеге келгеніне 30 жыл толуына арналды.
Жарнама
Tribuna.kz — қосымша ретіндеЭкранда белгіше, тезірек ашылады.
iPhone және iPad (Safari)
«Бөлісу» батырмасын басыңыз — жоғары бағытталған көрсеткісі бар шаршы (экранның төменгі жағында).
Төмен жылжытып, «Басты экранға» тармағын таңдаңыз.
«Қосу» батырмасын басыңыз — экранда Tribuna.kz белгішесі пайда болады.