Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исагалиев Кувейтте инвестициялық ынтымақтастық және ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу мәселелерін талқылады. Кувейттік компаниялар өкілдерінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыруға қолдау көрсету туралы уағдаластық жасалды.
112 нөміріне түскен хабарламадан кейін диспетчер жағдайды бағалап, тиісті жедел қызметтерді үйлестіреді. Көмек жедел жетуі үшін оқиға орнын нақты айтып, диспетчердің сұрақтарына жауап беру маңызды.
Қазақстанның бес облысында ауыл отбасыларымен жеке жұмыс істейтін пилоттық жоба басталады. Мамандар жұмыспен қамтуға, оқуға, грант пен жеңілдетілген несие алуға және кәсіп ашуға көмектеседі.
Шавкат Мирзиёев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде «Түркі әлемі – 100» бағдарламасын және «Түркі мемлекеттері ұйымы плюс» форматын ұсынды. Сондай-ақ ол 2027 жылды табиғатты қорғау жылы деп жариялауды қолдағаны үшін алғыс айтты.
Астанада дәстүрлі ине басу тәсілімен жасалған Қазақстан картасы таныстырылды. Жұмыс пен жобаға қатысушылардың картиналары Азия және Африка елдері бойынша Дүниежүзілік рекордтар кітабына ұсынылды.
Қазақстанда астықты терең өңдейтін алты ірі жобаны 2029 жылға дейін іске асыру жоспарланып отыр. Кәсіпорындар жылына 5,8 млн тонна шикізатты өңдеп, крахмал, глютен, биоэтанол және аминқышқылдарын өндіреді.
Минскіде өтіп жатқан XIII «Кітапхана мәдениет феномені ретінде» халықаралық конгресі аясында Қазақстан мен Беларусь ұлттық кітапханалары меморандум жасасты. Құжат кітап және ақпарат ресурстарымен алмасуды, бірлескен жобалар мен мамандардың кәсіби тәжірибе алмасуын көздейді.
2026 жылғы 28 қазандағы жағдай бойынша жастар практикасы аясында 21 981 жас маман жұмысқа орналасты. Қатысушылар уақытша жұмыс орындарында 12 айға дейін еңбек ете алады.
Қазақстан мен Германия агроөнеркәсіп кешеніндегі практикалық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді. Кездесуде диалогтың алтыншы кезеңінің басымдықтары талқыланды.
Қазақстанның 20 өңірінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа форматтағы арнайы мектептер салынады. Сондай-ақ оңалту және сауықтыру кабинеттерінде 600 орын құру көзделген.
29 қазанда Қазақстанда ТМД-ға қатысушы мемлекеттер ғалымдарының VI форумы ашылды. Оған сегіз елдің ғылым академияларының жетекшілері және ғалымдары қатысып жатыр.
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 12 айда 10%-ға өсіп, 28,30 трлн теңге болды. Ең жоғары өсім жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша тіркелді.
Жезқазғанда 2–5 қарашада 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді. Оған еліміздің әр өңірінен спортшылар қатысады.
Республикалық «Оқитын ұлт» жобасы аясында «Қазақстан» телерадиокорпорациясы қызметкерлеріне арналған кітап кеңістігін ашты. Ашылу кезінде Олжас Қасымның екі поэзиялық жинағы таныстырылды.
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 407 145 қазақстандыққа 88,86 млн доллардан астам нысаналы жинақ төленді. Қаражат тұрғын үй жағдайын жақсартуға және білім ақысын төлеуге бағытталды.
Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердегі инфрақұрылымды ауқымды жаңғыртуды тапсырды. 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бөлу жоспарланып отыр.